Пашинян тізе бүкті! – ҚҰЖАТ МӘТІНІ

Армения Премьер-министрі Никол Пашинян facebook желісіндегі парақшасында Ресей және Әзербайжан Президенттерімен «Таулы Қарабақта соғысты тоқтату» туралы ортақ келісімге  қол қойғанын жария етті.

«Таулы Қарабақта соғысты тоқтату» келісімінің негізгі баптары мыналар:

  • Әзербайжан мен Армения 2020 жылдың 10 қарашасынан бастап (МУ-00:00) өз  позицияларында тұрақтайды/тоқтайды .
  • Армян тарапы Әзербайжанның Қазақ ауданында өз бақылауында ұстап отырған Агдам мен тиесілі аймақтарды Әзербайжанға 2020 жылдың 20 қарашасына дейін толық қайтарады.
  • Таулы Қарабақта ұштасатын және Лачин дәлізі бойында Ресейдің бітімгер әскери контингенті  (1960 сарбаз, 90 бронетраспортер, 380 көлік және арнайы техникамен) орналасады;
  • Ресей Федерациясының әскери континегнтінің аталған аймақта ең кемі 5 жыл қызмет атқарады.
  • Армения 2020 жылдың 15 қарашасына дейін Әзербайжанға Келбаджар ауданын, ал, 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін Лачин ауданын қайтарады. Бірақ, Арменияны Таулы Қарабақпен жалғайтын Лачин коридоры (5 км) армян тарапында қалады.
  • Алдағы үш жылда екі жақтың келісімімен Армения мен Ханкендіні байланыстырып тұратын Лачин дәлізінің құрылыс жоспары бекітілетін болады.
  • Лачин дәлізі бойындағы қатынастардың қауіпсіздігі Әзербайжанға жүктеледі.
  • Ішкі босқандар БҰҰ Жоғарғы комиссарлық басшылығының бақылауымен Таулы Қарабақ аймақтарына оралады.
  • Тұтқындар мен қаза тапқандардың денелері (өзара) қайтарылады.
  • Тараптардың арасындағы экономикалық және көлік қатынасы қайта іске қосылады. Бақылауды РФ қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) Шекара қызметі қамтамасыз етеді.
Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *