Алматыда деструктивті діни ағымның 2 ұстанушысы қамауға алынды

2020 жылғы 14 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру нәтижесінде Алматы қаласында деструктивті діни ағымның 2 ұстанушысын ұсталды. Қазір олар сот санкциясымен қамауға алынды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың мекенжайлары бойынша тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, оны жасауға арналған құрамдас бөліктер, суық қару, шабуылдау көзделген объектілердің фото және бейне түсірілімдері бар смартфондар алынды.

Көрсетілген адамдарға қатысты терроризм актісіне дайындалу (ҚР ҚК 255-бабы) және терроризмді насихаттау (ҚР ҚК 256-бабы) фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Тергеу материалдары бойынша, қамауға алынған адамдар республика аумағында, соның ішінде адамдар көп шоғырланған орындарда террористік актілер дайындаған.

Тергеу жалғасуда.

Egemen.kz

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *