Кейбір ақпарат құралдарында Армения басшысы Никол Пашинянның Таулы Қарабақ мәселесі бойынша келіссөздерге дайын екенін сонымен қатар шегінуге қарсы еместігін білдірді деген ақпараттар айтыла бастады.
Расын айту керек, бұл бүгін болмаса да ертең жасалуы тиіс мәлімдеме еді. Өйткені, Армения жұртының Таулы Қарабақта сойқан салып жатқан Әзербайжан армиясына қарсы тұрарға қауқары қалған жоқ. Тас-талқан болып жеңілгенін білдіреді.
Енді Пашиян мырзаға бейбіт келісімге келу үшін Әзірбайжан тарапы қойған нақты талаптарды орындау ғана қалған сыңайлы.
Яғни Армения Таулы Қарабақтан әскерін алып кетеді. Сонымен қатар, даулы аймақтан біржолата бас тартып, аумақтың Әзірбайжан жері екенін мойындап, Әзірбайжан халқынан бастарын иіп тұрып кешірім сұрауы тиіс.
Меніңше, енді Әзербайжан жұртында ешқандай да келіссөзге бармаған дұрыс секілді. «Шегінем десеңдер, жол ашық, қауіпсіз дәліз жасап беруге даярмыз» дегенінен бас тартып, Армения әскерін түре қуып шығуы тиіс секілді.
Ұзын сөздің қысқасы, жылдар бойы Арменияның меншігі болып келген Таулы Қарабақ аймағы толықтай қайтарылды деуге болады.
Айтпақшы, 5 қазанда Әзербайжан елшісі Рашад Мамедов біраз ақпарат құралдарының басын қосып, Қазақстаннан көмек сұрап арнайы мәлімдеме жасаған болатын. Қырғыздың дауымен жүріп деп кезінде жазып үлгермей қалыппыз.
Кездесу барысында елші Халықаралық құқықтың талаптарына сай Әзірбайжан қазір Қазақстанның моральдық және саяси көмегіне мұқтаж екенін айтқан еді. Әзірбайжан Қазақстаннан Еуразиялық экономикалық одақ пен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аясында Арменияны тоқтатуды сұрап отыр. Біз Қазақстаннан ЕАЭО және ҰҚШҰ аясында Арменияны тоқтатуын сұрадық. Бізге 130-дан астам халық бейбітшілік пен келісімде өмір сүретін бауырларымыздан, Қазақстаннан көмек қажет. Бізге халықаралық заңдарға сәйкес Қазақстан тарапынан моральдық және саяси қолдау керек. Қақтығыс БҰҰ-ның қауіпсіздік қарарына және басқа да халықаралық құжаттарға сәйкес бейбіт жолмен шешілуі керек. Біз ешкімнің Қазақстанның бейбітшілігін бұзуын қаламаймыз. Егер біз Қазақстанды бауырлас халқымыз десек, онда біз бұл елдегі бейбітшілікті көздің қарашығындай қорғауымыз керек», – деп атап өткен еді Әзірбайжанның Қазақстандағы елшісі.
Содан бері үш күн өтті. Қазақ билігінің елшінің бұл өтінішіне қатысты ешқандай да реакция білдірген жоқ. Ресми мәлімдеме жасауға асықпай отыр.
Соған қарағанда…
Жасыртаны жоқ, Әзербайжан мен Армения жанжалы Қазақстанды саяси тұрғыда өте қиын жағдайда қалдырып отыр.
Бауырлас түркі жұрты деп Әзірбайжанға оң қабақ танытуға болар еді. Бірақ Путиннің көңілін ойлап желіміз шығып отырғаны белгілі. Ол аздай ОДКБ және ЕАЭС деген дүние қауіпті дүние тағы бар. Яғни одақтастық принципіне сай әрекет етуі тиіс болатын болса амалсыз Арменияны таңдауға тура келеді. Олай болған жағдай Әзербайжан ғана емес күллі түркі халықтарының алдында қарабет боламыз. Бетімізге өмірі кетпестей қара таңба басылады.
Қысқасы, жағдай қиын…
Бүркіт Нұрасыл