Әзірбайжан мен Армения арасында гуманитарлық мақсатта тыныштық жарияланды. Оған мұрындық болған АҚШ. Жалпы мұндай паузалардың барлығы да Ереванға тиімді және сөзсіз Батыстық армян лоббиларының қолымен жасалуда. Қарқыны қатты, арыны мықты әзірбайжан жасақтарын “уақытша келісім” деген желеумен тоқтатып, тас-талқаны шығып жатқан жасақсымақтарына қару-жарақ, оқ-дәрі, азық-түлік жеткізіп алуды, жасақ қатарын толтыруды ойлап отыр.
Батыс топтары Арменияны қолдауда. Ресей де сол позицияда. Осы жолы уақытша келісімді тағы да Армения бұзады деп ойлаймын. Ресей мұрындық болған келісімді Армения бұзды. Гәнжіні атқылап, қарымта соққы жасауын күтті. Арандату сәтті іске асып, Әзірбайжан Армения аумағын ұрғанда, ОДКБ-ны іске қоспақ болды. Ол қулығы болмады.
Енді міне Вашингтонда екі тарап кездесіп, тағы да уақытша келісім жасалды. Армения сөзсіз тағы бірінші болып шартты бұзады да, бар жаланы Әзірбайжанға жабады. Бакуге санкция салуды, саяси қысым жасауды сұрайды. Мүмкін батыста ол мәселе келісіліп те қойған болар.
Қазір әділдік жолында арпалысып жатқан Бакуге түркі елдерінің қолдауы керек. Ең алдымен дұрыс ақпарат таратайық, қолдаудың бірі сол.
Асхат Хасенғали
(Жазба автордың ФБ парақшасынан алдынды)