Генже қаласы SCUD зымыранымен атқыланған.
Әзірбайжан Президентінің көмекшісі Хикмет Хаджиев twitter парақшасы арқылы «армян қарулы күштерінің Генже қаласын Эльбрус (SCUD) баллистикалық зымыранымен шабуылдағанын» мәлімдеді.
According to ANAMA missiles fired to Ganja is SCUD/Elbrus Operative-Tactical Ballistic Missile. Fragments from the impact zone prove it. Targeting SCUD missile against densely populated civilians shows complete immorality and schizophrenic mindset of Armenia's pol-mil leaders pic.twitter.com/zXGbKmyvzS
— Hikmet Hajiyev (@HikmetHajiyev) October 16, 2020
Хаджиев бұған дейінгі мәлімдесінде Генжемен қатар Мингечевир қаласына да зымыран атылғанын айтқан болатын.
Зымыранның бірі көпқабатты тұрғын үйге түскен. Шабуылдың салдарынан жиырмаға жуық тұрғын үй қираған.
Генжедегі жарылыстың салдарынан 12 бейбіт тұрғын қаза болып, қырықтан астамы жарақат алған(07:00).