Генже қаласы зымыранмен атқыланды

Меніңше, Пашинян тобының пиғылы айқындала түсті: қайткен күнде де Әзірбайжанды соғысуға итермелеп, ҰҚКҰ-ны (ОДКБ)да осы соғысқа тарту.

Олай дейтін себебіміз, армян қарулы күштері кеше ғана Мәскеуде Әзірбайжанмен жасасқан оқ атпау туралы келісімді өрескел бұзып, 2-3 сағат бұрын Әзірбайжанның ең ірі екінші қаласы Генжені зымыранмен атқылады.

Қазіргі санақ бойынша, 4 адам қаза болып, 40-тан аса адам жарақат алған. Қаза болғандар мен жарақат алғандар бейбіт тұрғындар. Әскерилер емес. Дәл қазір, қираған ғимараттан адамдарды құтқару жұмыстары жүргізілуде. Қаза болғандардың саны артуы мүмкін…

Меніңше, қателеспесем екінші рет қайталанып отырған дәл осы шабуылға «соғыстың аты соғыс қой» деп бейжай қарауға болмайды.

Өйткені, соғыстың да «бейбіт тұрғындарға оқ атпау, тұрғындарды соғыс шебінен шығару, бейбіт түрғындардың қауіпсіздігін сақтау, гуманитарлық талаптарды орындау т.б.» секілді бекітілген тәртібі (Женева конвенциясы т.б.) мен ережесі бар. Ал бұл шабуыл ешқандай ережелер мен талаптарға мүлдем сай келмейді. Нағыз арандату мақсатындағы теракт!

Меніңше мұндағы мақсат – Әзірбайжанды тікелей Арменияға қарымта шабуыл жасауға итермелеу. Егер де Пашинян тобының бұл пиғылы жүзеге асса, онда мәселе ОДКБ-ның күнтәртібіне енеді…

Бұл Пашинянға не үшін керек?
Меніңше, бұл сұрақ пен пиғылының құпиясының жауабы Пашинянның билікке келу хикаясының қатпарларында жатқан сияқты.

Сондықтан да бұл жанжалдың өрши түсуі Пашиняннан бұрын оның қожайындарына керегірек, тиімдірек сияқты…

Ал бұл – «Пашинянның ақыры» деген сөз.

P.S. Путин мен Лавров «еңбегіміз зая кетті» деп тістеніп отырған болар… Әлде бәрі де жоспардағыдай деп отыр ма екен?

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *