«Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы» қоры (International Turkic Culture and Heritage Foundation ) Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мерейтойына байланысты ресми құттықтау хатын жариялады.
Құтттықтау хатында аталған қордың төрайымы Гүнай Эфэндиева Н.Ә.Назарбаевтың түркі өркениетінің дамуына қосқан үлесі мен ерен еңбегіне ерекше тоқталып өтті.
«Сіздің кемеңгер саясатыңыздың арқасында Қазақстан Түркі әлемінің беделді әрі алдыңғы қатарлы орталықтарының біріне айналды» деп атап өтті халықаралық қордың президенті Г.Эфэндиева.
Сондай-ақ, түркі мұрасын зерттеу, сақтау және насихаттау мен Түркі әлеміндегі диалогтың қалыптасуында Н.Назарбаевтың үлесінің маңызы аталып өтті.