ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға мемлекеттік сапары аясында Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбековпен шағын құрамда кездесу өткізді.
Кездесу қорытындысына байланысты Сооронбай Жээнбеков:
– Біздің келіссөзіміз дәстүрлі бауырластық және өзара түсіністік рухында өтті. Екіжақты әріптестікке байланысты маңызды мәселелерді талқыладық. Өзара іс-қимылға қатысты шешуші мәселелер бойынша уағдаласып, оны шешудің тетіктерін анықтадық. Біздің келіссөзіміз Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы қатынастарды дамытудың жаңа сапалы деңгейіне көтеретініне сенім білдіремін. Қырғызстан-Қазақстан стратегиялық әріптестігі мен одақтық қатынастар алдағы уақытта да біздің халықтарымыздың игілігіне қызмет етеді,– деді.
Арнұр АСҚАР,
«Egemen Qazaqstan» – Бішкектен