Сасқан әрмендер Әрмения жерінде тұрып Әзірбайжан территориясындағы елді мекендер мен қалаларды атқылауға кірісті және соғыс болып жатқан аймақтан тыс жердегілер де нысанаға алынуда.
Осыған байланысты ӘҚМинистрі генерал-полковник Закир Гасанов генералитетті жинап, “Искандер” бойынша жиналыс өткізді. Егер осы ұрысқа оперативті-тактикалық “Искандерлер” кешені қолданылатын болса, онда жаудың барлық әскери-стратегиялық инфраструктурасына соққы беру мақсаты қойылды.
Сәл таратып айтсақ, Қорғаныс Министрінің алға қойып отырған тапсырмасы былай болып шығады – “Искандерлер” кешені тіпті Әрменияның өзінде болса да олар соққыға ұшырауы мүмкін. Бұл ОДКБ Жарғысы мен Ережелерін бұзған болып есептелмейді, өйткені Жарғыда былай делінген – егер қайсібір ел шабуылға ұшыраса, немесе ол шабуыл басқа бір агрессор елдің территориясынан жасалса, онда қорғану мақсатында агрессияға ұшыраған ел тиісінше жауап соққы жасауға тиіс, бұл сол елге қарсы агрессия болып табылмайды.
Яғни бұл жерде ҚМ өте дұрыс тапсырма беріп отыр. Егер осы кезге шейін жауап соққы берілмесе, онда оны әзірбайжан тарапынан жасалған кеңшілік, соғыс аумағын ұлғайтпауға тырысушылық, үлкен гуманитарлық, моральдық ұстамдылық деп бағалаған жөн. Байқап отырғанымыздай, әрмендер жағында ондай адами түсініктер атымен жоқ сияқты. Шамасы бұрын болып та көрмеген деуге негіз бар.
Қуаныш Еділхантегі
(Жазба автордың facebook парақшасынан алынды)