COVID-19: Тұран құрылтайы биыл өтпейтін болды!

Әлемде қалыптасқан пандемиялық жағдайға байланысты “Мажарстан ғұн-түрік құрылтайының” биыл өтпейтіндігі жарияланды.

Бұл туралы ұйымдастырушы тарап арнайы мәлімдеме жасап, пандемиялық ахуалға байланысты құрылтайды биыл өткізбеуге шешім қабылдағандарын жеткізді.

Бұған дейін “Мажарстан ғұн-түрік құрылтайы” (үлкен құрылтай) дәстүр бойынша халықаралық деңгейде екі жылда бір рет өткізіліп келген.

Жоспар бойынша биылғы құрылтай 21-23 тамыз күндері Мажарстанның Бұғаш ауылында өтуі тиіс болатын.

 

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *