Моңғолия Ұлттық музейі «Түркі әлемі» тарихи-мәдени атласын жоғары бағалады

Моңғолия руханиятында  қазыналы орын алатын ірі қара шаңырақ Моңғол Ұлттық музейі Халықаралық Түркі академиясы жариялаған «Түркі әлемі» атласына жоғары баға берді. Бұл туралы музейдің  сайтында арнайы мақала жарияланд. Мақала авторы белгілі археолог, музейдің ғылыми қызметкері Ч.Баяндэлгэр.

«Моңғолия ұлттық музейі 2017 жылдан бастап Халықаралық Түркі академиясымен ғылыми зерттеу саласында терең ынтымақтастық орнатып келеді. 2021 жылы 8 қаңтарда біздің серіктес ұйымымыз Халықаралық Түркі академиясы Қазақстан Республикасының астанасы Нұр-Сұлтандағы Ұлттық академиялық кітапханада «Түркі әлемі: тарихи және мәдени мұра» атты халықаралық конференция өткізіп, жаңа кітапты таныстырды.  Бұл бірегей  еңбекке музейдің ежелгі көшпелілерге қатысты мұралары да енді.  Осы іргелі зерттеу атлас Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың алғысөзімен шыққан.Басылым атақты саяхатшылар жасаған ежелгі карталарды, сондай-ақ ата-бабаларымыздың бай мәдени мұралары туралы маңызды мәліметтерді  кешенді қамтиды. Атластың құрылымын ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.А. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаланың негізгі тараулары бойынша алты тақырыптық бөлімнен тұратындығы  аса бай мазмұнға ие екендігін айғақтайды, мұны  ерекше  атап өткен жөн» делінген сараптамалық мақалада.

Мақаланың толық мәтінімен сілтеме арқылы танысуға болады:

http://nationalmuseum.mn/post/63135?bclid=IwAR14HEXJJCN_ECQuR7Hz6oF0iBO6bryql909tqPfpOMPTF374sq_TKdbfgQ

 

twesco

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *