Армения Премьер-министрі Никол Пашинян facebook желісіндегі парақшасында Ресей және Әзербайжан Президенттерімен «Таулы Қарабақта соғысты тоқтату» туралы ортақ келісімге қол қойғанын жария етті.
«Таулы Қарабақта соғысты тоқтату» келісімінің негізгі баптары мыналар:
- Әзербайжан мен Армения 2020 жылдың 10 қарашасынан бастап (МУ-00:00) өз позицияларында тұрақтайды/тоқтайды .
- Армян тарапы Әзербайжанның Қазақ ауданында өз бақылауында ұстап отырған Агдам мен тиесілі аймақтарды Әзербайжанға 2020 жылдың 20 қарашасына дейін толық қайтарады.
- Таулы Қарабақта ұштасатын және Лачин дәлізі бойында Ресейдің бітімгер әскери контингенті (1960 сарбаз, 90 бронетраспортер, 380 көлік және арнайы техникамен) орналасады;
- Ресей Федерациясының әскери континегнтінің аталған аймақта ең кемі 5 жыл қызмет атқарады.
- Армения 2020 жылдың 15 қарашасына дейін Әзербайжанға Келбаджар ауданын, ал, 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін Лачин ауданын қайтарады. Бірақ, Арменияны Таулы Қарабақпен жалғайтын Лачин коридоры (5 км) армян тарапында қалады.
- Алдағы үш жылда екі жақтың келісімімен Армения мен Ханкендіні байланыстырып тұратын Лачин дәлізінің құрылыс жоспары бекітілетін болады.
- Лачин дәлізі бойындағы қатынастардың қауіпсіздігі Әзербайжанға жүктеледі.
- Ішкі босқандар БҰҰ Жоғарғы комиссарлық басшылығының бақылауымен Таулы Қарабақ аймақтарына оралады.
- Тұтқындар мен қаза тапқандардың денелері (өзара) қайтарылады.
- Тараптардың арасындағы экономикалық және көлік қатынасы қайта іске қосылады. Бақылауды РФ қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) Шекара қызметі қамтамасыз етеді.