Перде артындағы елдер масқара болды

Еркінбек Серікбай, жазушы, Түркі халықтары арасындағы әдеби байланысты дамыту қорының директоры:

Перде артындағы елдер масқара болды

 

EA-News.kz: Армения қарулы күштерінің оқ атпау келісімін бұзып, күтпеген жерден жасаған қарулы шабуылы туралы пікіріңізді білсек.

Еркінбек Серікбай: Сөзімді бастасам бұрын бұл қақтығыста Әзербайжанның 11 жауынгері шаһит болғанын естіп қатты қайғырдым. Шаһиттердің отбасыларына және Әзербайжан халқына қайғырып көңіл айтамын.

Армения қарулы күштерінің оқ атпау режимін бұзуы халықаралық ұйымдар тарапынан зерттеліп, осы үшін Әзербайжанға төлем жасалауы керек деп ойлаймын. Бейбіт елге ешқашан ескертусіз, оның үстіне ел екі арасында оқ атпау туралы келісімді бұза отырып қарулы шабуыл жасау ешқандай халықаралық талаптарға сай келмейді. Арменияның әрекет мүлдем дұрыс емес. Бұл жерде астын сызып айта кететін жайт мынадай. Әзербайжан мен Армения арасында бұрыннан келе жатқан Қарабақ мәселесі бар. Бұл оқиғаны бүкіл әлем біледі.

 

EA-News.kz: Негізінен соңғы оқиға туралы сөйлессек.

Әрине. Меніңше Армения бұл шабуылды ұзақ уақыттан бері ойластырған. Біріншіден, Әзербайжан халықаралық аренада мықты мемлекетке айналып үлгерді. Мұнай мен газдан бөлек, ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауда Әзербайжан Кавказ аймағындағы ең ықпалды мемлекет. Барлық өзін-өзі салада қамтамасыз етіп отырған ел. Әскері әлемдік деңгейдегі озық қарумен қамтамасыз етілген. Онымен қоса Әзербайжан өз әскері үшін қару шығаратын мемлекет. Ал оның қарсыласы Армения Кеңес одағы тарап, тәуелсіздік алғаннан бері жоғары деңгейде дами алмады. Армения басқа бір елдің көмегіне сүйенбей Әзербайжанға қарсы оқ ататын жағдайда емес. Әскери жағынан да, экономикалық жағынан да.

 

EA-News.kz: Қазақ баспасөзінің бұл қарулы қақтығыс туралы қағидалары қалай?

Еркінбек Серікбай: Ашығын айту керек. Қазақ баспасөзі нақты әрі шынайы ақпарат беруде өз пікірі қалыптасқан. Бұдан 20-25 жыл бұрынғы ақпараттарға қарайтын болсаңыз, Қазақстанда орыс баспасөзінің ақпараттық ықпалы басым болған. Соның кесірінен біздің қоғамда Қарабақ туралы пікірлер теріс берілген. Қоғам арасында да Қарабақ туралы әртүрлі пікірлер бар еді. Ұдайы дамудың арқасында қазақ баспасөзінде орыс ақпаратын аударып жариялау азайды. Өзім осы тақырыпты қадағалап жүремін. Байқағаным Қарабақ туралы ақпараттар жариялауда ең алдымен Әзербайжандық мүдде ескеріледі.

 

EA-News.kz: 12-шілдеде басталған қақтығыс туралы не айтасыз?

Еркінбек Серікбай: Осы сұхбаты басында да айтып кеттім. Арменияның мұндай әрекеті дұрыс емес. Армения басшыларының мұндай әрекетінің соңы Арменияның дамуына кедергі келтіреді. Бүкіл әлем пандемиямен өз азаматтарының денсаулығына алаңдап отырғанда Ереванның бұл әрекетін арандатушылық деп атауға болады. Біздің ғасырымда тіпті соғысты бастасам бұрын хабар береді. Мен бұл жерде бір нәрсені айтқым келеді. Бұл қақтығыс Арменияға үлкен сабақ болды. Осы қақтығыста ең көп зарар көрген Армения. Бұл қақтығыстан кейін аймақтағы саяси және әскери ойын мүлдем өзгереді. Арменияға қолдау көрсетуші перде артындағы күштер осы жолы Әзербайжанның мықты мемлекет деңгейне жеткенін мойындап отыр. Перде артындағы елдер Арменияға қолдау көрсету арқылы масқара болды.

 

EA-News.kz:  Сіздің ойынызша Арменияның мұндай күтпеген әрекетке баруына не себеп болды?

Еркінбек Серікбай: Ең біріншіден, «күтпеген» деген сөзді қолданбауға шақырамын. Себебі, Әзербайжан мен Армения арасындағы 30 жылдан астам уақыт жақсы емес. Екі мемлекет арадағы шекарада 30 жыл әр тарап жоғары деңгейдегі күзетте тұр. Армения құйтырқы әрекетке барып, Товуз ауданынан шабуыл жасауы мүлдем арандатушылық. Ереван осы арқылы әлемдік аренадағы өздерінің «Қарабақ» кінәсін тазалағысы келді. Әлемдік баспасөз бен пікірді Товуз аймағына бұруға тырысу арандатушылықтың бір түрі. Меніңше, Армениямен оған қолдап көрсеткендердің жоспары алғашқы сағатта күл талқаны шықты. Олар халықаралық ұйымдар алдында қалай ақталуға боларын білмей бастары қатып отыр.

 

EA-News.kz:  Рахмет!

 

 

 

 

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *