Сыртқы істер министрлігінде «KazAID» құру мәселесі бойынша брифинг өтті

Нұр-Сұлтан, 2020 жылғы 19 тамыз – ҚР Сыртқы істер министрлігінде «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігін құру мәселесі бойынша БАҚ және қоғам өкілдері үшін брифинг өтті.

Брифинг барысында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев «KazAID» құру қажеттілігі туралы егжей-тегжейлі ақпараттандырып, осы құрылымды құрудың міндеттері мен күтілетін пайдасы туралы хабардар етті. Атап айтқанда, дамуға ресми көмек қайырымдылық емес екендігі атап өтілді. Бастапқы кезеңде жобаларды іске асыруға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлу көзделмейді. Агенттіктің қызметі тиісті халықаралық құрылымдар арқылы бөлінетін донор елдердің қаражатын тартуды көздейтін үшжақты халықаралық әріптестікке (KazAID – донор – бенефициар ел) шоғырландырылатын болады. Брифингке қатысқан БҰҰДБ мен Түрік халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (TIKA) өкілдері құрылып жатқан қазақстандық аналогпен жұмыс байланыстарын жолға қою ниетін білдіріп, бірлескен жобаларды іске асыруға шақырды.

Бөлінген қаражат барынша Қазақстанда игерілуі үшін жобаларды іске асыруда қазақстандық компанияларды, мамандар мен жабдықтарды тартылатуға басымдылық берілетіні атап өтілді. Қазақстандық дипломаттың айтуынша, агенттіктің қызметі халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықтың озық тәжірибесін тартуға, мамандарымыздың біліктілігін арттыруға, тауарлар мен қызметтер сапасының әлемдік стандарттарын енгізуге, сондай-ақ отандық экспортты шетелдік нарықтарға шығаруға жәрдемдесуге бағытталған.

Брифингке қатысқан БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура қазақстандық биліктің бастамасын құптап, оның ресми көмекті дамыту жөніндегі БҰҰ шеңберіндегі нормативтік құжаттар мен іс-қимыл жоспарларына толық сәйкестігін атап өтті. Н.Шимомура Орталық Азия өңіріндегі тұрақтылық пен Тұрақты дамуды нығайту тұрғысында агенттік қызметін іске қосудың ерекше өзектілігін атап өтті.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті заманауи зерттеулер институтының директоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаров жиналғандардың алдында тәуелсіз сарапшы ретінде сөз сөйлеп, өзара көмек көрсетудің маңыздылығы туралы нақты мысалдар келтірді.

М.Сыдықназаровтың пікірінше, пандемияға қарамастан, әлем елдері өздерінің ұлттық мүдделеріне сәйкес белсенді өзара іс-қимылды жалғастыруда. «Әрбір елге қолдау мен көңіл бөлу қазір екі есе қажет, және мұндай қолдау көрсеткендер ұзақ уақыт есте қалады. Барлығы қарапайым адамдардың өміріндегідей: қиын кезеңде көмектессең, сізді көптеген жылдар бойы, тіпті ұрпақтары да ризашылықпен еске алады және жақсы көреді», – деп атап өтті М.Сыдықназаров.

Брифинг барысында Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының өкілдері бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамды мазалаған өзекті сұрақтарға жауап берді.

gov.kz

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *