«Отандастар Қоры» 2019 жылдың 31 шілдесі күні Түркияның Ыстанбұл қаласында қазақ диаспорасы өкілдерімен бизнес-форум өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Форум аясында «Қазақ мәдени-іскерлік үйінің» қоры мен жобасының таныстырылымын өткізу көзделген. Бұдан бөлек, стартаптарды, отандастардың бизнес жобалары мен бастамаларын қолдау тетіктерін талқылау жоспарланған. Соның ішінде отандастардың бизнес жобалары мен бастамаларын Қазақстанда да ілгерілетудің нақты тетіктері, сондай-ақ оларды халықаралық нарықтарға шығаруға көмек көрсету жайында да әңгіме өрбімек. Іс-шараға «Отандастар қоры» КЕАҚ Бірінші вице-президенті Талғат Адуов, «El Tiregi» қазақстандық шағын және орта бизнес қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігінің Басқарма төрағасы Асқар Әбубәкіров, «Business & Travel Central Asia» атқарушы директоры Дінмұхаммед Зиятбеков қатысатын болады.
inform.kz