Түркі дүниесі Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Әділ Ахметов Халықаралық Түркі академиясы 8 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласында өткізген «Түркі әлемі: тарихи-мәдени мұра» атты халықаралық конференциясын көрші мемлекеттер арасына ірткі салғысы келетін саяси сайқымазақтардың сандырағына орынды жауап болды деп санайды.
Аталған конференцияда сөйлеген сөзінде Әділ Құрманжанұлы: «Бұл конференция және оның терең ғылыми мазмұны халықтар арасына ірткі салып, Қазақстан және Ресей халықтарының достығына мына қаққысы келетін әртүрлі санаттағы саяси сайқымазақтардың жалған әрі негізсіз әрекеттеріне лайықты жауап болды» деп атап өтті.
Айта кету керек, онлайн-оффлайн режимде өткен шараға 20 астам мемлекеттен ғалымдар мен сарапшылар, сондай-ақ, түркі әлемінің бірқатар ресми тұлғалары, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.