Қазақстан Республикасының бастамасымен 2021 жылғы 31 наурызда Түркістан қаласында «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» атты Түркі Кеңесінің бейресми Саммиті өтеді.
Аталған шараға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев, Әзірбайжанның Президенті И.Алиев, Қазақстанның Президенті Қ.Тоқаев, Қырғызстанның Президенті С.Жапаров, Түркияның Президенті Р.Эрдоған, Өзбекстанның Президенті Ш.Мирзиеев және Венгрияның Премьер-Министрі В.Орбан қатысады деп күтілуде.
Күн тәртібіне сәйкес, Түркітілдес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективалары және Ұйымның одан әрі нығаюына қатысты жоспарлар талқыланады. Сонымен бірге, жиын барысында жалпы мүдделі аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша пікірлер алмасады.
Осы жағары деңгейдегі кездесуде Түркістан қаласын «Түркі әлемінің рухани астанасы» деп жариялау және “Түркістан Декларациясын” қабылдау көзделуде.
Саммит бағдарламасында бүкіл түркі әлеміне философиялық даналықтың дамуына үлкен әсер еткен ұлы ойшыл және исламдық мораль мектебінің негізін қалаушы Қожа Ахмет Ясауидің кесенесіне зиярат ету, сондай-ақ Түркістан шаһарының жаңа көрнекті жерлерімен танысу қарастырылған.
Түркі кеңесі