Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Ауғанстан елшісін қабылдады

Түркі Кеңесінің Бас Хатшысы Жоғары Мәртебелі Бағдад Әміреев 2021 жылғы 4 мамырда Стамбулда Ауғанстан Ислам Республикасының Түркиядағы Елшісі Жоғары Мәртебелі Амир Мохаммад Раминді қабылдады.
Кездесу барысында Елші Мохаммад Рамин Ауғанстанның Сыртқы істер министрі Жоғары Мәртебелі Мохаммад Ханиф Атмардың Түркі Кеңесінің Бас Хатшысына жолдаған хатын табыс етті.
Бұл хатта Министр мырза Ауғанстанның Түркі Кеңесімен қарым-қатынастарының болашағына деген көзқарасын және Кабулдың Ұйыммен және оған мүше мемлекеттермен тығыз экономикалық және мәдени байланыстар орнатуға деген ұмтылылысын сөз еткен.
Елші Мохаммад Рамин өз елінің Түркі Кеңесімен тығыз қарым-қатынасы Ауғанстанға сауда экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуға, білім беру саласындағы ықпалдастықты кеңейтуге, гуманитарлық салада жақсы өзара түсіністік пен ынтымақтастыққа қол жеткізуге, сондай-ақ жалпы Түркі әлемімен жан-жақты қатынастарды нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Бас Хатшы Әміреев Ауғанстан Сыртқы істер министрі Жоғары Мәртебелі Мохаммад Ханиф Атмарға жолдаған хаты үшін алғыс айтып, ауған тарапына Түркі әлемімен және Түркі Кеңесіне мүше мемлекеттермен тығыз қарым-қатынас орнатуға ұмтылысына ризашылығын білдірді.
Бас Хатшы Ауғанстан мен ұйымға мүше елдер арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі зор әлеуетін атап өтіп, алдағы кезеңде де Түркі Кеңесі мен осы ел арасындағы өзара іс-қимылдың барлық бағыттар бойынша одан әрі кеңейе түсетініне сенім білдірді.
Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *