Армения Әзірбайжанның Бакудан кейінгі ең ірі екінші қаласы болып саналатын Генженені тағы да зымыранмен атқылады! Қаза болғандардың арасында сәбилер де бар!
Әзірбайжан президентінің көмекшісі Хикмет Хаджиев twitter желісі арқылы Армения қарулы күштерінің Генже мен Мингечевир қалаларын зымыранмен шабуылдағанын мәлімдеді.
Зымыранның бірі көпқабатты тұрғын үйге түскен. Шабуылдың салдарынан жиырмаға жуық тұрғын үй қираған.
Генжедегі оқиға орынынан жеткен мәлеметтер (сағат 04:40) бойынша 5 бейбіт тұрғын қаза болып, 35 адам жарақат алған. Қаза болғандардың екеуі сәби.