Nurgali Jusipbay
njusipbay@gmail.com
Бір ел екінші бір елге күш көрестіп, қырғын салып, жазықсыз жандардың өмірі сұраусыз қиылмасын!
Бір ел (БҰҰ-ның қарар-шешімдерін жоққа шығара отырып) екінші бір елдің территориясына заңсыз қол сұқпасын!
***
1992 жылдың жиырма бесінші ақпанынан жиырма алтыншы ақпанға қараған түні бауыр ел Әзербайжанның Қожалы кентіне Арменияның қарулы күштері (366-полктың қатысуымен) басып кіріп, еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін асқан қанішерлікпен, аяусыз қырып салған болатын.
Сорақысы, құдды фашистік лагердегі жендеттер секілді қолға түскен сәбилердің терісін тірідей сыпырып, сүйектерін суырып алып, әртүрлі дәрілер салу арқылы жантүршігерлік түрлі сынақтар өткізген.
Осы бір қанды қырғын туралы армян премьер-министрі Серж Саркисян өз пікірін «Қара бақ» кітабының авторы Томас де Валға берген сұхбатында былайша қысқаша түйіндейді: «До Ходжалы азербайджанцы думали, что с нами можно шутки шутить, они думали, что армяне не способны поднять руку на гражданское население. Мы сумели сломать этот стереотип»…
Ал, Қожалы шабуылына қатысқан Ресейлік әскери барлау бөлімшесінің бастығы В.Савельев бұл қырғынды былайша мойындайды: «Я не мог не написать про все это. Не могу забыть простреленные тела людей, детей и женщин, беременных, невест. Пусть азербайджанцы меня простят за то, что не смог ничего сделать во всех этих событиях с кровавым и беспощадным исходом. Только лишь написанную мною секретную справку послал и в Кремль, и генералам Главного разведывательного управления Министерства обороны СССР. Читайте, сказал. Посмотрите, как опорочена наша русская офицерская честь». («Секретная справка» кітабынан.)
Әскери тілші Юрий Романов болса, өз кітабында былай деп түршіге жазады: «Я выглядываю в круглое окошко и буквально отшатываюсь от неправдоподобно страшной картины. На желтой траве предгорья, где в тени еще дотаивают серые лепешки снега, остатки зимних сугробов, лежат мертвые люди. Вся эта громадная площадь до близкого горизонта усеяна трупами женщин, стариков, старух, мальчиков и девочек всех возрастов, от грудного младенца до подростка… Глаз вырывает из месива тел две фигурки – бабушки и маленькой девочки. Бабушка с седой непокрытой головой лежит лицом вниз рядом с крошечной девочкой в голубой курточке с капюшоном. Ноги у них почему-то связаны колючей проволокой, а у бабушки связаны еще и руки. Обе застрелены в голову. Последним жестом маленькая, лет четырех, девочка протягивает руки к убитой бабушке».
Бұл қылмыстың нәтижесінде 613 бейбіт тұрғын өлтірілді, оққа ұшқан 1000-ға жуық адам жарымжан мүгедекке айналды. 106 әйел, 63 сәби, 70 ақсақалдың өмірі қиылды. 8 әулет түгелімен өлтірілді. 25 бала әкеден де шешеден де айрылып, жетім қалды, 130-бала әкесіз яки анасыз қалды. Тұтқындалған 1275 адамның 150-і туралы мәлімет осы күнге дейін мүлдем жоқ.
Әзербайжандарға жасалған бұл қылмыс қатыгездігі тұрғысынан әскери қылмыспенн пара-пар. Өйткені:
Біріншіден, бейбіт тұрғындарды жаппай қыру операциясында арнайы техникамен жабдықталған 366-ншы әскери полкі кенттің кірісі мен шығысын толығымен бекітіп (халықаралық соғыс ережесі бойынша әскери қимылдан бұрын арнайы жасалған дәліз арқылы бейбіт халық соғыс аймағынан шығарылуы тиіс), бейбіт елді нысанаға айналдырған, қолға түскендерге аяусыз қинаған. Екіншіден, бұл қырғын кезінде 1)Женева конвенциясының, 2)БҰҰ-ның «Адам құқығының жалпы деклорациясының», 3) Азаматтық пен саяси құқық конвенциясының, 4) Әскери соғыс кезі мен уақытша тоқтау кезінде әйел адамдарды және ана мен баланы қорғау конвенциялары бұзылған.
Бұл жантүршігерлік қылмысты, яғни, «Қожалы қырғынын» «геноцид» деп бағалауға толық негіз бар. Өйткені, 1948 жылы БҰҰ-ның «Геноциттік қылмыстың алдын алу және жазаға тарту конвенциясында» геноцид ресми түрде адамзатқа жасалған қылмыс болып табылады. Ал, осы конвенцияда көрсетілген бес баптың үш категориясы Ходжалыда жауыздықпен орындалған.
Олар: а) Қандай да бір топ өкілдерінің (қасақана) өлтірілуі.
Негіз: Өлтірілгендің барлығы да әзірбайжандықтар.
ә) Қандай да бір топ өкілдеріне ауыр түрде дене немесе психологиялық зардап келтіру.
Негіз: Сәбилердің жілік сүйектерінің суырылып алынуы, оларға дәрілік сынақтардың жүргізілуі, тірідей терілерінің сыпырылуы, денелеріне крест белгісін басу т.б.
б) Қандай да бір топты толығымен немесе бір бөлшегін жою мақсатында өмір сүру шартын қасақана өзгерту.
Негіз: 613 бейбіт тұрғын өлтірілді, оққа ұшқан 1000-ға жуық адам жарымжан мүгедекке айналды. 106 әйел, 63 сәби, 70 ақсақалдың өмірі қиылды. 8 әулет түгелімен өлтірілді. 25 бала әкеден де шешеден де айрылып, жетім қалды, 130-бала әкесіз яки анасыз қалды. Тұтқындалған 1275 адамның 150-і туралы мәлімет осы күнге дейін мүлдем жоқ
АҚШ Конгресі Қожалы қырғынын «1992 жылдың ең ауыр трагедиясы» деп жариялады. Ал, Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елу бір елдің парламенттері Қожалы қырғынын адамзатқа жасалған қылмыс ретінде танылуы үшін мемлекеттік және халықаралық қолдау көрсету туралы шешімін қабылдады.
«Мемориал» секілді көптеген халықаралық ұйымдар өз позицияларын ашық жариялап келеді…
Бірақ, Хожалы қырғынына қатысты әділдік әлі де болса өз биігіне шыға алмай келеді.
***
«Қожалы қырғынындай» қасірет ешқашан қайталанбауы тиіс. Бір ел екінші бір елдің тәуелсіздігіне қол сұқпауы керек! Жазысқсыз жандар алпауыт елдердің құрбадарына айналмауы тиіс!
Сондықтан да «Қожалы қырғыны» тек Әзірбайжанның ғана емес, сонымен қатар күллі түркі әлемінің, оның ішінде Қазақстанның да басты назарында болуa тиіс!