Ұлттық ғылым академиясының басшысына құрмет көрсетілді

4 желтоқсанда Алматыда Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясында Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастырған «Қазақстан ғылымының дамуы, өзекті мәселелері» атты тағылымды іc-шара өтті.

Ғылым Ордасында өткен алқалы жиынға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ректоры Жансейіт Түймебаев, Алматы қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Бижанов, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов, ҚР ҰҒА төралқа мүшелері, танымал ғалымдар қатысты.

Басқосуға қатысушылар түркі елдері ынтымақтастығы аясында ғылым салаларындағы әріптестікті нығайта түсу мәселелері бойынша ой-пікірлерін ортаға салды.

Жиын барысында Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі химия ғылымының докторы, академик Мұрат Жұрыновты 80 жасқа толуымен құттықтап, Түркі академиясының Алтын медалімен марапаттады.

twesco

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *