Әзірбайжан Қарабақты қайтарып алса...

Әзірбайжан Қарабақты қайтарып алса, бұл әсіресе Ресейдегі түркі халықтарын бір сілкіндіріп, рухын бір көтеріп тастайтын еді. Ресейдің көмегімен басып алынған жер азат етілсе, оның түркі халықтары үшін идеологиялық күшін ойлай беріңіз.
1991 жылы әлемде тек бір ғана түркі елі тәуелсіз болды. КСРО құлағаннан кейін, оның қасына тағы 5 ел қосылды. Бірақ Қарабақты қайтарып алса, қару арқылы қайтқан 30 жылдағы алғашқы түркі аймағы болмақ.
Үміті сөнудің алдында тұрған Қырым татарлары мен Ресей құрамындағы өзге де түркі халықтарының бойында үлкен күш пайда болар еді. Әлемдегі түркі бірлігі мен әскери-экономикалық одақтастығына деген сенім де арта түседі.
Асхат Қасенғали
Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *