МУСИАД төрағасы Абдуррахман Каан Жаңа Зеландиядағы лаңкестікке байланысты мәлімдеме жасады.
Каан: «Кең етек алмай тұрғанда исламофобиді жою барша әлемнің тыныштығы үшін аса қажет»
МӘЛІМДЕМЕ
Тәуелсіз тауар өндірушілер мен кәсіпкерлер одағының (МУСИАД) төрағасы Абдуррахман Каан Жаңа Зелнандияда екі мешітке жасалған шабуылға қатысты мәлімдеме жасады.
Каан мәлімдемесінде мына мәселелерге назар аударды:
Соңғы жылдары бүкіл әлемде исламға қарсы шабуылдардың өрши түскенін және де бұл ұстанымның, саясаттан бастап, көптеген күштер тарапынан қасақана ушықтырылып отырғандығына куә болудамыз. Әлемдегі барша мұсылмандарға қауіп төндіретін бұл жағдай адамның негізгі құқығы болып табылатын сенім еркіндігіне балта шабумен қатар, елдер мен халықтар арасында дұшпандықтың өршуіне негіз болуда.
Бұл жағдай тек бір дінді ұстанушыларға емес, сонымен қатар барша әлемге қатер тудыратын нәтижелерді туындатпай қоймайды.
Жаңа Зеландияның Крайстреч қаласындағы Мәсджид ән-Нур мен Линвуд мешітінде жұма намазы кезінде жасалған шабуылдың аталған түсінік салдарының нәтижесінде пайда болғанын және шабуыл формасының шектен шыққан исламафобидің көрінісі екендігін айқан байқаймыз.
Жоспарлы және стратегиялық түрде жүйелі жүргізіліп отырған бұл қатерлі ұстанымды тез арада тоқтату, кең етек алмай тұрғанда исламофобиді жою барша әлемнің тыныштығы үшін аса қажет. Осыған байланысты барлық елдердің президенттері мен мен өкілдерін ұжымды ұстаным білдіріп, нақты түрде қатаң түрде айыптауға шақырамыз.
Терордың тілі, діні және ұлты болмайтындығын басты назарға ала отырып, біздерді терең қайғыға душар еткен бұл жағдайды айыптаймыз, әлем бойынша кең етек алатын сана және түсінікпен мұндай қайғылы жағдай мен сұмдықтың қайталанбауын тілейміз.
Бұл қанды шабуылда шәйіт болған бауырларымыздың жақындарына қайғырып көңіл айтамын, жарақат алғандарға шипа тілеймін.
15.03.2019