Дариға Назарбаева Түрік Республикасының бірінші ханымы Эмине Ердоғанмен кездесті

Елордада өтіп жатқан Қатерлі ісікпен күрес көшбасшыларының дүниежүзілік саммиті аясында Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Түрік Республикасының бірінші ханымы Эмине Ердоғанмен кездесті. Бұл туралы Парламент палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Сенат басшысы ұлттық және әлемдік ауқымдағы онкологиялық сырқаттарды зерттеу, диагноз жасау және емдеудің маңыздылығын атап өте келіп, шараға қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Эмине Ердоған өз кезегінде саммиттің ұйымдастыру деңгейін жоғары бағалап, денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты қалыптастыруды ұсынды.

«Қазақстан мен Түркияны достық және бауырластық қарым-қатынастар ғана емес, әріптестік қатынастар да байланыстырады. Біздің елдеріміз көптеген салалар бойынша нәтижелі ынтымақтасып келеді. Сондықтан саммиттің қорытындысы бойынша медицина саласындағы ынтымақтастық пен өзара тиімді байланыстардың нығаятынына сенімдімін», – деп атап өтті Түркия Республикасының бірінші ханымы Эмине Ердоған.

 

https://egemen.kz

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *