Парақорлық жиі орын алатын ЖОО-лар рейтингі жасалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлық фактілері жиі орын алатын қазақстандық ЖОО-лардың рейтингі жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап. «Nur Otan» партиясының Орталық аппаратында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы өтіп, «Таза сессия» жалпыхалықтық акциясының аралық нәтижелері талқыланды. «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Дәулет Кәрібек акцияның қорытындылары туралы хабарлады. Сонымен, «Jas Otan» белсенділері Қазақстанның барлық аймақтарындағы 15 мыңға жуық студент арасында анонимді сауалнама өткізді. Студенттердің 12,8% жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлық бар екендігін көрсеткен. Демек, сауалнамаға қатысқан әрбір 8-інші студент білім ордаларында жемқорлықтың барын растайды және әрбір 12 студенттің пара бергені айқындалды. Сондай-ақ университеттерде емтихан тапсырып, диссертация қорғағаннан кейін дастархан жаю, сыйлықтар беру және тағы да басқа «дәстүрге» айналған ілтипаттар жасалады. Студенттер арасындағы сауалнама нәтижесі бойынша жасалған жемқорлық фактілері ең жиі орын алатын ЖОО-лар рейтингі: 1. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті; 2. Атырау мұнай газ университеті; 3. Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті; 4. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті; 5. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті.

https://www.inform.kz/kz/parakorlyk-zhii-oryn-alatyn-zhoo-lar-reytingi-zhasaldy_a3581246

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *