Елбасы Татарстан Мемлекеттік кеңесінің төрағасымен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Фарид Мұхаметшинмен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Ресейдің екіжақты қатынастарын нығайта отырып, Қазақстан мен Татарстан арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. – Біздің елге қош келдіңіз. Татарстан – Ресейдің дамып келе жатқан аймағы. Сіз Қазақстан Парламентінің Мәжілісінде де, Сенатында да келіссөздер жүргіздіңіз. Мен біздің қарым-қатынасымызды өте жоғары бағалаймын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

https://www.inform.kz/kz/elbasy-tatarstan-memlekettik-kenesinin-toragasymen-kezdesti_a3589305

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *