Сегіз Қазақстан азаматы Ухань қаласынан Ресей мен Өзбекстанға эвакуацияланды

Сегіз Қазақстан азаматы Ухань қаласынан Ресей мен Өзбекстанға эвакуацияланд

Қазақстандық тараптың өтініші бойынша бүгін түнде Қытайдың Ухань қаласынан Ресей мен Өзбекстанның арнайы борттарымен біздің тағы 8 азаматымыз қауіпсіз жерге көшірілді.

Біздің бес азаматымыз Ташкент қаласында екі апталық дәрігерлердің бақылауында, ал қалған үшеуі Түмен қаласында қадағалауда болады.

Сондай-ақ, эвакуацияланғандар арасында осыған дейін ҚХР-ның эпидемиологиялық қызметтерімен дене қызуы салдарынан шығарылмаған Яньцзи университетінің 1 курс студенті бар.

Отырғызу алдында ҚР азаматтары қосымша медициналық тексеруден өтіп, олардың арасында дене қызуы немесе коронавирус симптомдары бар адамдар анықталған жоқ.

Қазақстан тарапы Ресей Федерациясы мен Өзбекстан Республикасына Қазақстан азаматтарын Ухань қаласынан эвакуациялауда көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдіреді.

3 ақпан күні Қазақстан Ухань қаласынан өзінің 83 азаматын, соның ішінде 80 студентін эвакуациялағанын еске саламыз.

@PressMFAKZ

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *