Мұқанов Қайролла Мұқанұлы дүниеде салды

5 шілде белгілі тарихшы, белгілі өлкетанушы, ҚР журналистер одағының мүшесі 89 жасында Мұқанов Қайролла Мұқанұлы дүниеде салды. Құжат бойынша 26.09.1932 жылы, ал рас жылы 1930 жылы Тимирязев ауд. Ынтымақ а. дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атынд. Қазақ ұлттық ун-ті) бітірген. 1958 ж. Тимирязев ауд. Хрущев (Комсомол ) орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі; 1959 ж. қазіргі Шал ақын ауд. Городецк сегізжылдық мектебінің директоры; 1971 ж. обл. білім беру бөлімінің меңгерушісінің орынбасары; 1995-2001 жылдары обл. мұғалімдер білімін жетілдіру институтында аға оқытушы болып, ал 2001 жылдан облыстық мұражай бірлестігі жанындағы «Асыл мұра» орталығының ғылыми қызметкері болып қызмет істеген.

Мұқановтың қатысуымен «Тоқсан би», «Қожаберген жырау», «Арманды ақын», «Жыр жұлдызы», т.б. кітаптары жарық көрген. «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған. Академик Е.А.Бөкетов атындағы медаль мен сыйлықтың иегерi.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *