Өткен аптада Сыртқы істер министрлігі «Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ядролық сынақтардан азат әлем үшін чемпион» мәртебесіне ие болды» деген ақпарат таратты. Оны бірқатар бұқаралық ақпарат құралы да жарыса жазды.
Бұл жаңалық сол күйі қалар ма еді, кейінірек Factcheck.kz сайты осы мәлімдемені тексеріп, СІМ манипуляция жасап отыр деп хабарлады:
«Данный инцидент редакция трактует как манипуляцию, вызванную, вероятно, технической ошибкой.
Подробнее – https://factcheck.kz/…/pravda-li-chto-nursultan-nazarbaev-…/. Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на factcheck.kz».
Сондай-ақ СІМ жиыннан ақпарат таратқанда аудармадан қателесті деп есептейтінін де жеткізді.
«На этот раз из-за сложностей перевода, что привело к искажению информации и массовому распространению её в таком виде в СМИ на русском языке. Странно, что переводчиков МИДа не смутило явно неизящное звучание перевода».
Фактчектегі мақаланы оқып таңғалдым. Алғашқыда «өй, осы біздегілер» деген ой келді. Кейіннен қалайша Сыртқы істер министрлігі мұндай қате жасады деп тағы таңғалдым. Сәлден соң ғана Фактчек асығыс қорытынды шығарып алған-ау деген ой келді. Ол ойымды сонда жұмыс істейтін жігіттерге де айттым.
Содан бұл ой маған маза бермеді. Отырып алып сайттарды ақтардым, СІМ-нің сайтын қайта оқып шықтым. Фактчекті тағы оқыдым. UN Media-ны ақтарып, видеоны көрдім.
Расында, БҰҰ Бас Ассамблеясының 29 тамыз Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналған арнайы сессиясында сөз сөйлеген БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясының Төрағасы Мұхаммад Тижани-Банде де, Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты ұйымының (ЯСЖТШҰ) атқарушы хатшысы Лассина Зербо да өз сөзінде чемпиондық атақ туралы сөз қозғамаған. Фактчекте айтылғандай, екеуі де бір ғана жерде «championing» деген сөзді қолданыпты. Бірақ…
Бірақ чемпиондық туралы бір жерде айтылды. Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың іс-шара қатысушыларға үндеуін оқып берді. Онда мынандай жолдар бар:
«I am grateful that he has offered me the new unique status of the ‘CTBTO Champion’. I consider it as an honor to accept the Organization’s proposal and would like to assure that I will exert all my strength and knowledge for the successful fulfillment of the new mission».
Жалпы мағынасы былай: «Мен оған (Лассина Зербоға) «Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты чемпионы» бірегей атағын ұсынғаны үшін алғыс айтамын. Ұйымның өтінішін қабыл алған мен үшін үлкен мәртебе және жаңа миссияны сәтті жүзеге асыру үшін бүкіл күш-жігерім мен білімімді жұмсауға сендіргім келеді».
Жиынның видеосын қарап отырып, осы жерге келгенде «Оппа!» дедім. Егер Фактчек келтіргендей жиын барысында айтылмай, Сыртқы істер министрлігі қателесіп аударса, Н.Назарбаев ол туралы хабарсыз болып, үндеуінде оған қатысты сөз қозғалмауы тиіс еді ғой. Демек, үндеу әзірленіп жатқан кезде-ақ Н.Назарбаев та, Сыртқы істер министрлігі де «чемпиондық атақтан» хабардар болған. Бұл – бірінші.
Бұл ой одан әрі ізденуіме итермеледі. Бір нәрсенің артына түсіп алсам, соңына жетпей тоқтай алмайтын жаман әдетім бар. Содан одан әрі ақтара түстім.
Екіншіден, Фактчек СІМ таратқан ақпараттың мына жерін ғана қиып алған: «на Специальной сессии Генеральной Ассамблеи ООН, организованной по случаю Международного дня действий против ядерных испытаний. Исполнительный секретарь Организации Договора о всеобъемлющем запрещении ядерных испытаний (ОДВЗЯИ) Лассина Зербо инициировал присвоение Нурсултану Назарбаеву нового статуса».
Жеделдетіп оқып шықсаңыз, «испытаний» деген сөзден кейінгі нүктені байқамай қаласыз. Содан БҰҰ-ның Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналған арнайы сессиясында Лассина Зербо Н.Назарбаевқа жаңа статус беруге бастама көтерген дегендей ұғым пайда болады. Басқаларда қайдам, Фактчекті оқығанда өзіме сондай ой келді.
Кейін СІМ-нің сайтын ақтарып қарасам, мағына мүлдем басқаша. «Первый Президент Казахстана – Елбасы Нурсултан Назарбаев удостоился статуса «Чемпион за мир, свободный от ядерных испытаний». Об этом было объявлено на Специальной сессии Генеральной Ассамблеи ООН, организованной по случаю Международного дня действий против ядерных испытаний – 29 августа.
Исполнительный секретарь Организации Договора о всеобъемлющем запрещении ядерных испытаний (ОДВЗЯИ) Лассина Зербо инициировал присвоение Нурсултану Назарбаеву нового статуса в знак признания особого исторического вклада Казахстана в период его руководства в глобальные усилия по построению безъядерного мира».
Байқасаңыз, мұнда іс-шарада айтылды деген бөлек абзацта, Зербоның бастама көтергені бөлек абзацта келтірілген. Яғни, ақпаратта дәл жиын барысында Зербо айтты, бастама көтерді делінбеген. Бұл – екінші.
Әрине, іс-шарада айтылды дегеннен кейін Зербоның бастама көтергені туралы мәлімет келуі сәл түсініспеушілік туғызған секілді.
Үшіншіден, БҰҰ-ның, оған қарасты ұйымдардың атақтары, міндеттемелері алдын ала келісімсіз беріле салмайды. Яғни, атақты алатын адам ұйым аясындағы жиындарға дейін-ақ одан хабардар болады. Оны былай-ақ түсіну қиын емес.
Сондай-ақ «Чемпион» деген қандай атақ өзі? СІМ-нің сайтында былай делінген: ««Чемпиондар» ЯСЖТШ-ға қол қоймаған мемлекеттермен мақсатты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, олар ЯСЖТШ-пен ынтымақтастықтың артықшылықтары туралы түсініктерін жақсарту, сондай-ақ Қазақстанның ядролық инфрақұрылымын өз еркімен бөлшектеу секілді озық тәжірибелерімен бөліседі».
Яғни, «Чемпион» атақ қана емес, міндеттеме. Олар Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шартына қол қоймаған 8 мемлекетке түсіндіру жұмысын жүргізеді. Қысқасы, бұл – сыйлық емес.
Рас, БҰҰ-ның да, Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты ұйымының да сайттарында, ресми әлеуметтік желілерінде Назарбаев пен Халоненге атақ берілгені туралы мәлімет мүлдем жоқ. Тек БҰҰ-ның ядролық қарусыздану департаментінің туиттердегі парақшасы ғана ҚазАқпараттың жаңалығын бөліскен біздің елшіліктің жазбасын ретуит жасаған.
Енді қайтпек керек? СІМ берілді десе, Фактчек берілгені туралы ақпарат манипуляция деп отыр. Содан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты ұйымының поштасына да, туиттердегі парақшасына да жаздым. Ұйымның атқарушы хатшысы Лассина Зербоның парақшасына кіріп, хабарлама жібергенмін. Жаңа туиттерді ашып қарасам, Зербодан жауап келіпті:
«Dear Otarius : Yes- Together with former President of Finland HE Halonen- First President Of Kazakhstan are Champions of the CTBT for the Group of Eminent Persons».
Мағынасы: «Құрметті Отариус: иә – Финляндияның бұрынғы президенті, аса мәртебелі Халоненмен бірге Қазақстанның тұңғыш Президенті – «Көрнекті қайраткерлері тобындағы» ЯСЖТСШ чемпионы».
Міне, маған екі күн бойы маза бермеген мәселенің шешімі. Зербоның кештетіп болса да хат жібергені дұрыс болды. Әйтпесе, ертең Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты ұйымына телефон шалайын деп отыр едім.
Абай Отар
> Жазба автордың facebook желісіндегі жеке парақшасынан алынды)