Арменияның халықаралық заңдарды өрескел бұза отырып, Әзербайжанға жасаған шабуылы арқылы соғыс жағдайын туындатқанын және бейбіт тұрғындарға жасаған шабуылын қатаң түрде айыптаймыз. Оккупацияланған территорияларын азат етуде Әзербайжанның әділ күресін толық қолдау білдіреміз.
Соғыс шебінен алыс жатқан бейбіт тұрғындарға тікелей шабуыл жасаушы Армения оккупациялаған аймақтарды жедел түрде босатуы тиіс.
Қазіргі қақтығыстардың Арменияның территориясында емес, Арменияның 30 жылдан бері оккупациялап келген Әзербайжан территориясында болып жатқанын назарда ұстауымыз қажет.
Қазіргі кезде Әзербайжан территориясының 20 пайызы Арменияның оккупациясында. Осының салдарынан 1 миллионға жуық Әзербайжан азаматтары мәжбүрлі түрде боскынға айналғып отыр.
Арменияның заңсыз шабуылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Таулы Қарабақ дауының шешілуін көздейтін 1993 жылғы шешімдерінің орындалуы қажет екенін нақты көрсетуде. Осыған байланысты аталған шешім жедел түрде орындалуы тиіс.
Біз, « Мусиад Қазақстан» ҚҚ ретінде Әзербайжанның өз территориясын азат ату жолындағы куресін қолдаймыз және Әзербайжан халқымен бірге екенімізді мәлімдейміз,, сондай-ақ, барлық халықаралық қауымдастықты Әзербайжанның заңды күресін қолдауға шақырамыз.
Йылмаз Кесен
Мусиад Қазақстан ҚҚ
Төраға