ТАУЛЫ ҚАРАБАҚ ТҰТАС ТҮРІКТІҢ ЖЕРІ, ЗАҢДЫ ИЕСІ ӘЗІРБАЙЖАН

Ұзақ жылдарға созылған дау-дамайлар мен әр түрлі қақтығыстардан соң өткен жексенбіде, 27 қыркүйек күні Әзірбайжан мен Армения арасында ресми соғыс алауы тұтанды.

Бұл соғыс – Әзірбайжанның територия тұтастығы һәм әр бір сүйем жері үшін бас тіккен әділет соғысы еді.
Таулы Қарабаққа талас – тұтас түркінің намысы. Адамизат жаралғалы жер үшін соғыс еш толастаған емес. Бұл өңірдің көп бөлігін қазірше іс жүзінде мойындалмаған «Таулы Қарабақ республикасы өз бақылауында ұстап отыр. Ал, Әзірбайжан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінісі бойынша аймақ Әзірбайжанның территориясында орналасқандықтан сыртқы күштер қаншама арыпталасқанымен шекаралық соғыс бәрібір туатын еді. Бұл аумақ Кіші Қап тауының шығыс және оңтүстік-шығыс таулы аудандарын қамти келіп, Жазық Қарабақпен қосылып географиялық жақтан Қарабақ облысын құрайды.

Соңғы жылдары бұл жаққа көптеп орныққан армяндар алғашында Иран мен Түркиядан патшалық Ресейдің қолдауымен қоныс аударған этностар еді. Ресей Қап тауы аймағында христиан халықтарының маңызын күшейту, қуатты түрік халықтарының күшін кеміту үшін саяси тұрғыда арнайы ұйымдастырғаны баршаға аян. Ереван мен Нахчеван хандығының орнына І Николайдың жарлығымен Армян облысы құрылып, 1828-1830 жылдары Ираннан 40 мың, Осман империясынан 84 мың армян көшіріліп әкелінді. Ал бұған дейін Ереван хандығының ұлттық құрамы 50 мың мұсылман мен 20 мың армян болғаны деректерде сайрап тұр.
Бұл соғыста Әзірбайжан бауырларға тілектеспін. Қысқа уақыт ішінде, аз шығынмен өзіне тиесілі аймақты түбегейлі қайтарып алса, бауырлас елде тыныштық пен береке орнаса деп тілеймін!

Ұларбек Дәлейұлы

 

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *