“Жастар үні” ұйымының атқарушы директоры, саясаттанушы Асхат Қасенғали:
«Қазір барлық түркінің ғана емес, жалпы күллі әлемнің назары Қарабақта. Әзірбайжан 27 қыркүйекте бастаған азат ету операциясында біршама нәтижеге қол жеткізді. Бірақ осыған қарамастан біздің жүрегімізді ауыртатын оқиғалар болып жатыр. Мұны, террорлық әрекет деп те атасақ болады. Себебі, бейбіт тұрғындарды атқылауға болмайды. Бірақ соған қарамастан Таулы Қарабақты басқыншылап алған күштер Әзірбайжанның бірнеше қаласын күні-түні атқылаумен келе жатыр.
Бүгін таңертеңгі жаңалықтардаТертер қаласын тағы атқылағаны айтылды. Яғни, бейбіт тұрғындарға қарсы осындай жауыздық әрекеттер болып жатыр. Өздеріңіз де білесіздер өткенде Гянжі қаласын атқылады. Оннан астам адам қаза тапты. Кеше ғана Бәрда қаласына зымыранмен соққы берді. 21 тұрғын қаза тапты. Одан бөлек, екі қаланы қосқанда, жүзден астам зардап шекті. Оның көпшілігі мүгедек боп қалады. Бұл өтірік емес, рас ақпарат.
Сондықтан мұның бәрін біз айыптаймыз әрине. Әзірбайжан өзінің жерін азат етіп жатыр. Халықаралық құқыққа, талапқа, құжаттарға сүйенетін болсақ, БҰҰ-ның 1994 жылы қабылдаған 4 резолюциясына сай Таулы Қарабақтың барлық жері Әзірбайжанға тиесілі. БҰҰ-на да кіргенде Әзірбайжан осы жерлермен кірген. Яғни, мойындалған жер. Оны тіпті Армения да мойындаған, Ресей де, Түркия да, Қазақстан да, барлық әлем де Таулы Қарабақты Әзірбайжанның территориясы деп мойындаған. Сондықтан қазіргі кезде Әзірбайжан бауырларымыздың жасап жатқаны, ол- азат ету опреациясы.
Шындығы керек, Баку басқыншыларға барлық мүмкіндікті беріп отыр: «Қаруларыңды тастаңдар да, өз жерлеріңе кетіңдер, біз де соғысты тоқтатуға және бейбіт өмір сүруге дайынбыз» деген ұстанымды білдіріп отыр.
Бірақ, бұған қарамастан басқыншылар ол келісімге келмей отыр. Тіпті кешеге дейін ұрыс даласында қаза болған сарбаздарының денесін алуға да ниет білдірмеді. Кеше ғана халықаралық ұымдардың, ОБСЕ-нің, Ресейдің аралысуы арқылы, қаза тапқан отыз армян азаматтарының денесі өткізілді. Яғни, ұрыс даласында қаза тапқан сарбаздарының денеін алып кетпеуі, келісімге келмеуі ақылға сыйымсыз деп ойлаймын. Сөзсіз әділдік Әзірбайжанның жағында және Қазақстан азаматтары, әрбір қазақ әзірбайжанды қолдайды.
Біздің түбі бір түркі әлеміне, кезкелген түркі жұртына жүрегіміз бұрып тұрады, Әзірбайжанға және Бакуге жеңіс тілейміз. Әділдік орнап, отыз жыл бойы төгілген қан тоқтасын дейміз. Әзірбайжан да Армения да бір келісімге келіп, Таулы Қарабақ толық азат етіліп Оңтүстік Кавказға бейбітшілік орнағанын қалаймыз».