Пашинян жеңілгенін мойындады: Қарабақ Әзербайжанға қайтарылады!

Армения Премьер-министрі Никол Пашинян facebook желісіндегі парақшасында Ресей және Әзербайжан президенттерімен «Таулы Қарабақта соғысты тоқтату» туралы ортақ мәлімдемеге қол қойғандығын жария етті.

Құжатқа сәйкес Таулы Қарабақтағы қақтығыстардың Мәскеу сағатымен 01:00-де тоқтауы тиіс.

«Құжат мәтінінің жеке өзіне және халқына өте ауыр тигендігін» атап өткен Армения премьер-министрі Пашинян бұл шешімге «әскери жағдайды терең анализдеу нәтижесінде» барғанын айтқан және мәлімдемесін «барлық құрбандардың, сарбаздардың, офицерлердің, генералдардың, еріктілердің алдында тізе бүгімен» деп қорытындылаған.

 Әзербайжан, Ресей Федерациясы және Армения басшылары қол қойған «Таулы Қарабақта соғысты тоқтату» келісіміне сәйкес:

    • Әзербайжан мен Армения 2020 жылдың 10 қарашасынан бастап (МУ-00:00) өз  позицияларында тұрақтайды/тоқтайды .
    • Армян тарапы Әзербайжанның Қазақ ауданында өз бақылауында ұстап отырған Агдам мен тиесілі аймақтарды Әзербайжанға 2020 жылдың 20 қарашасына дейін толық қайтарады.
    • Таулы Қарабақта ұштасатын және Лачин дәлізі бойында Ресейдің бітімгер әскери контингенті  (1960 сарбаз, 90 бронетраспортер, 380 көлік және арнайы техникамен) орналасады;
    • Ресей Федерациясының әскери континегнтінің аталған аймақта ең кемі 5 жыл қызмет атқарады.
    • Армения 2020 жылдың 15 қарашасына дейін Әзербайжанға Келбаджар ауданын, ал, 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін Лачин ауданын қайтарады. Бірақ, Арменияны Таулы Қарабақпен жалғайтын Лачин коридоры (5 км) армян тарапында қалады.
    • Алдағы үш жылда екі жақтың келісімімен Армения мен Ханкендіні байланыстырып тұратын Лачин дәлізінің құрылыс жоспары бекітілетін болады.
    • Лачин дәлізі бойындағы қатынастардың қауіпсіздігі Әзербайжанға жүктеледі.
    • Ішкі босқандар БҰҰ Жоғарғы комиссарлық басшылығының бақылауымен Таулы Қарабақ аймақтарына оралады.
    • Тұтқындар мен қаза тапқандардың денелері (өзара) қайтарылады.
    • Тараптардың арасындағы экономикалық және көлік қатынасы қайта іске қосылады. Бақылауды РФ қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) Шекара қызметі қамтамасыз етеді.

 

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *