«Таулы Қарабақта соғысты тоқтату» келісімінің 5 бабына сәйкес, аймақта Ресеймен қатар Түркияның да қарулы жасақтары бітімгерлік миссия атқаратын болады.
Қол қойылған ортақ мәмілеге сәйкес оқ атуды тоқтату келісімін қамтамасыз ету үшін Ресей мен Түркияның қарулы күштерінің қатысуымен Бітімгерлік орталығы жасақталмақ.
Түркияның Қарабақтағы үдеріске қатынасатындығын Әзербайжан Президенті И.Әлиев бүгін мәлімдеген болатын.