Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Пәкістан Ислам Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Сохаил Махмудпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар өзара ғылыми ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары бүгін басталған әл-Фараби жаһандық форумына жоғары баға берді.
Өз кезегінде Дархан Қыдырәлі жоғарғы деңгейде өткен кездесуге ризашылығын білдіріп, Академия дайындаған бірқатар ғылыми еңбектерді тарту етті.
TWESCO