Түркі академиясының басшысы қазақстандық БАҚ өкілдерімен кездесті

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі жыл басы – әз-Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстандағы бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының басшылармен және өкілдерімен кездесті.

Алқалы жиынға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі,  «Қазинформ» халықаралық ақпарат агенттігінің Басқарма төрағасы Асқар Омаров, «Хабар агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев, «Balapan» телеарнасының директоры Мақпал Жұмабай, «Қазақ радиолары» ЖШС Бас директоры Ернұр Бурахан, «Елорда Ақпарат» ЖШС директоры Ержан Жүнісов, «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры Жалғас Сәдібекұлы, «Түркістан» газетінің бас редакторы Қуат Әуесбай, «Қазақстан тарихи» порталының бас редакторы Алтынбек Құмырзақ, «Әдебиет» порталының бас редакторы Нұрлан Қабдай, сондай-ақ танымал БАҚ өкілдері қатысты.

Түркі музейінде өткен кездесу барысында Академия басшысы Дархан Қыдырәлі ұйымның атқарып жатқан жұмыстар туралы айтып, биыл қолға алынған жоспардың жүзеге асу барысымен таныстырды.

Сонымен қатар, бірқатар БАҚ басшылары мен өкілдеріне Түркі әлемінің ақпарат  саласына қосқан үлесі үшін арнайы марапаттар мен алғыс хаттар табысталды.

Басқосуға қатысушылар байырғы түркілердің Ұлыстың Ұлы күнінде төс соғу дәстүрімен танысып, қолдарына болат балға алып, шойын төсті соғып аталған рәсімді атқаруға қатысты. Осыдан кейін қонақтар Наруыз көжеден дәм татып, дастархан басында еркін пікірлесті.

Жиынға қатысушыларға түркі академиясы шығарған «Тюркский мир. Историко-культурный Атлас» атты бірегей басылым тарту етілді.

TWESCO

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *