Автокөлік құрастыру көрсеткіші 72 пайызға өсті

Қазақстанның автокөлік өндірісі қарқынды дамып келеді, деп хабарлайды EA-News ҚазАқпарат Хабар24.kz порталына сілтеме жасап.

Тек былтырдың өзінде жеңіл көлік құрастыру 72 процентке өскен. Нәтижесінде бұл саладан түсетін табыс 185 миллиард теңгеге жетті. Өскеменде жылына 60 мың автокөлік шығаратын зауыт салынып жатыр. Ол іске қосылғанда көрсеткіш тағы еселене түспек.  Жаңа автозауыт Өскеменнің шетінде салынады. Ол үшін арнайы 500 гектардан астам жер бөлінген. Бүгінге дейін оның әкімшілік ғимарты бой көтерді. Былтыр күзден бастап өндірістің іргетасы қалынып жатыр. Құрылысшылар дәл қазір дәнекерлеу және сырлау бөлгінің тағанын тартуға кіріскен. «Биыл қозғалтқыш цехын толық аяқтап, құрылғыларды қойып, монтаждау жұмыстарын бастаймыз. Қазір барлық жұмыс кесте бойынша атқарылып жатыр. Зауыт іске қосылып, барлық қондырғылар орнатылған соң, бір жылда 60 мың жеңіл автокөлік шығару жоспарланып отыр. Өндіріс толық іске қосылғанда, бір мың адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Ол үшін жас мамандар қазіргі автозауытта дайындалып жатыр. Жоғары оқу орындарындағы студенттер іс-тәжірибеден зауытта өтеді. Оларға кәсіби мамандар цифрлық жүйемен жұмыс істейтін құрал-саймандардың қыр-сырын үйретеді»,-дейді автозауыттың техникалық директоры Дмитрий Попов.

 

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *