Президенттің өкілеттігін атқару Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүктеледі. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған мәлімдемесінде айтты. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемесінде Президенттік өкілеттігін тоқтататынын жария етті. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен мерзiмiнен бұрын босаған немесе кетiрiлген, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда Республика Президентiнiң өкiлеттiгi қалған мерзiмге Парламент Сенатының Төрағасына көшедi. «Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанды басқаруға нағыз лайықты адам» деді Н.Назарбаев.
Толығырақ: https://egemen.kz/article/185773-prezidenttinh-oekilettigin-atqaru-qtoqaevqa-zhukteledi