Түркияда басылған 2 мың кітап алматылық оқырмандарға тарту етілді

Алматыда қазақтың классик ақын-жазушыларының Түркияда басып шығарылған кітап-альбомдарының қала кітапханаларына табыстау рәсімі өтті

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымы шығарған қазақтың классик ақын-жазушыларының 24 кітап-альбомының 2 000-ға жуық данасы Алматы қаласының кітапханаларына тарту етілді.

Оның ішінде үш тілде жарияланған «Абай», «Үш Арыс», «Олжас Сулейменов», «Шыңғыс Айтматов», «Қалам мен қағаздың махаббаты» сынды кітаптар бар.

Шара барысында MediaTurk агенттігінің Қазақстандағы өкілі Нұрғали Жүсіпбайға ТҮРІКСОЙ-дың БАҚ саласы бойынша арнайы марапаты табысталды.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *