Ұстаздың ұстазына тағзым етілді

26 қыркүйек күні Петропавл қаласында “TUǴURUL HAN” ХҚБ бастамасымен (лидері Самат Жұматайұлы) белгілі педагог, өлкетанушы, зерттеуші, жазушы Мұқанов Қайролла Мұқанұлының 90 жылдығына және еске алуға арналған “Ұлттық құндылықтар” тақырыбында онлайн конференция өтті. Қайролла Мұқанұлы балалар мен ересектерді қайырымды іспен баурап алды – өткенді зерттеу, материалдар жинау, өз өлкесін білу.
Конференцияда Мұқановтың шәкірттері – қазіргі кездегі көрнекті ғалымдар, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, химия ғылымдарының докторы, профессор Баешова Ажар, дарынды балаларға арналған лицейдің көпжылдық директоры Рыб Константин, Городецкий орта мектебінің мұғалімі Жұмағалиева Нұрсұлу алғыс сөз сөйледі. Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры Күзембаев Аманжол, “Асыл мұра” орталығының қызметкері Қуантаев Ахметжан, ардагерлер педагог Насиев Қажмұрат /Нұр-сұлтан/, әлемге әйгілі археолог, профессор Зайберт Виктор /Алматы/, Сағындықов Болат Мағазұлы әріптес туралы жақсы естеліктерімен бөлісті. Жерлесіміздің ғылыми мұрасы туралы СҚМУ доценті Зәуре Қартова, “TUGURUL HAN” ҚБ жетекшісі Мамырбаев /Нұр-сұлтан/ және ҚазҰУ профессоры Гүлнар Қайроллақызы сөз сөйледі. Барлық сөз сөйлеушілер мен ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Ол ұлттық құндылықтар отбасында егілгенін және басты мұғалім ата-ана болғанын атап өтті.
Көрермендер мұғалімнің, өлкетанушының жұмыс әдістері, оның жарияланымдары, ерекше білімді адам туралы пайдалы ақпарат алды. Қайролла Мұқановты мәңгі есте қалдыру, бастаған зерттеулерін жалғастыру туралы шешім қабылданды.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *