Анадолудағы қандастар елімізге гуманитарлық көмек жіберді

Түркияда қоныс тепкен қандастарымыздың ашқан «Көк ту» қазақ мәдениеті қауымдастығы Қазақстанға коронавирус індетіне қарсы күреске қолдау көрсете отырып, елімізге гуманитарлық көмек жіберді. Оттегі концентраторы, компрессорлық небулайзер, медициналық халат, комбинезон, бетперде және бет қалқанынан тұратын гуманитарлық көмекті қауымдастық өкілдері Қазақстанның Түркиядағы Елшілігіне табыстады.

Табыстау рәсімінде сөз сөйлеген қауымдастық төрайымы Ләззат Мүлазымоғлу «Алыста жүрсек де ауылдағы ағайындардың ауырып жатқаны жанымызға батады» дей отырып, қолдарынан келгенше елімізге демеу болуға бел буғандарын тілге тиек етті.

Дерекккөз: Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі

https://www.facebook.com/kzembassy?__tn__=%2Cd*F*F-R&eid=ARB6LCEBxiWESCMx-U_OyCXBXhIRfsbF3a4vCoeWQTgMGx8CJfKKZIaYWMnxMludWvveeZg-O_lyo2Tn&tn-str=*F

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *