Бас Хатшы Түркі Кеңесінің Ақпарат және бұқаралық ақпарат құралдарына жауапты Министрлер мен жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесті

Түркі Кеңесінің Бас Хатшысы Бағдад Әміреев 2021 жылғы 9-10 сәуірде Бакуде өткен Түркі Кеңесінің Ақпарат және бұқаралық ақпарат құралдарына жауапты Министрлер мен жоғары лауазымды тұлғалардың 3-ші кездесуінің аясында Түркі Кеңесіне мүше мемлекеттер делегацияларының басшыларымен екіжақты келіссөздер өткізді.
Бағдад Әміреев Әзербайжан Республикасы Президентінің көмекшісімен, Жоғары Мәртебелі Хикмет Гаджиевпен, Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты Министрі Қайрат Иманалиевпен,Түркия Республикасы Президентінің коммуникациялар жөніндегі директорымен,Фахреттин Алтунмен, Өзбекстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің директоры Асаджон Ходжаевпен және Қазақстан Республикасы Ақпараттық және әлеуметтік даму министрінің орынбасары Асхат Ораловпен Баку кездесуінің күн тәртібіндегі бірқатар мәселелерді талқылады.
Кездесу барысында тараптар мүше мемлекеттердің Ақпарат және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ынтымақтастығын кеңінен талқылады.
алмасты.
Тараптар Халықаралық Түркі ақпараттық арнасын құру, Ресми ақпараттық агенттіктер арасындағы ынтымақтастықты жандандыру және мүше мемлекеттердің ұлттық телеарналары арасындағы ынтымақтастықты тереңдету қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, Тараптар мүше мемлекеттерде Түркі әлемінің мәселелеріне арналған Халықаралық медиа форумын ұйымдастыру қажеттігін сөзге тиек етті.
Кездесуге қатысушылар,сондай-ақ,тарих пен мәдениет бойынша бейнефильмдер , сериалдар, бейнематериалдар мен мультфильмдер шығару жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру жайлы пікір алмасты.
Кездесулерде ,сондай-ақ,медиа сарапшыларымен алмасу бағдарламалары мен мамандар
даярлау курстарын іске асыру мәселелері де қарастырылды.
Жоғары лауазымды тұлғалар 2021 жылғы 31 наурызда өткен бейресми Түркістан Саммитінің қорытындылары мен 2021 жылғы қарашада Стамбулда өтетін Саммиттің күн тәртібінде тұрған перспективалық мәселелерге ерекше назар аударылды.
Бағдад Әміреев Мемлекет Басшыларының алдағы Саммитінің тарихи маңызы болатынын, оның барысында бірқатар тұжырымдамалық шешімдер қабылданатынын атап өтті.
Бас Хатшы делегацияға мәселелерді шешуге сындарлы көзқарасы және олардың ақпарат және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ынтымақтастық саласында өзара қолайлы шешімдер қабылдауға қосқан үлесі үшін алғыс айтты.
Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *