Бостандық пен демократия үшін

Әзербайжан отыз жылға жақын уақыт ішінде бейбіт жолмен шеше алмаған күрделі саяси мәселесіні, Армениямен болған қақтығыстан кейін айрылған жерлерін, әскери, соғыс жолымен қайтара бастады. Туысқан түркі тілдес әзербайжан халқының бұл әділетті соғысы барлық халықаралық ұйымдар жағынан қолдауға ие болуда, себебі hәм әділет hәм халықаралық құқық жағынан да дәлелденген жағдай. Отыз жыл бойы бұл әділетсіздікті дүние жүзі құқыққа негіздей, алып мемлекеттердің ықпалымен шешілер деп сабыр еткен әзербайжандықтар әскери күшін күшейтіп, ақыры Арменияның тағы бір агрессиялық оқ атуынан кейін, жерін және елін қорғауға алып , бұрын айрылған жерлерге әскерін жұмсап, босата бастады. Жолдары болғай. Бүкіл Қарабақ пен жеті ауданды босатып, жалауын тігіп, басшылары И.Әлиевтің айтқанындай армяндардың ол жаққа қарауғада батылы қалмайтындай қылып тәмәмдауларына, біз қазақтар шын жүректен тілектеспіз. Бұл тек біздің тек қандас, туысқан ел ретінде қолдауымыз ғана емес, жер мен жесірдің дауында аталарымыздан келе жатқан қазақтың әділет сүйгіш көзқарасы. Себебі , кезіндегі ортақ Түрік қағанатынан тараған, қазақ, түрік және әзербайжан халықтары үшін Жер – Ана түсінігі қашанда ең маңызды құндылықтардың негізгісі болған және сондай маңызын сақтап қала береді.
Осы жаңалыққа байланысты біздің ел басшыларымыздың, әзербайжан халқының әділетті соғысына байланысты ешқандай қолдау айтпауы, селқос қалуы біздіде, әзербайжан ағайындарды елеңдетіп, мазалауда. Сыртқы саясатта үндемей, әліптің артын күту, біздің соңғы отыз жылға жақын әдетімізге айналса да, осындайда сыртқы саясаттағы орнымызды күшейтіп, ыңғайлы мүмкіндікті пайдаланып, біздің Ресейден тәуелсіз пікіріміз бар ел екенімізді білдіріп қоятын кез туған сияқты. Армяндардың дүниежүзі құқығын жоққа шығарған саясатын жақтағандай болмай. Сырттан қараған басқа елдерге біздің позициямыз сондай болып көрінуде.
Қазақстан басшылары көп кешікпей, агрессор армян мемлекетінің қантөгісті тоқтатып, оккупациялаған жерлерді шұғыл түрде қайтару қажет деген нақты ой-тұжырымын білдіруі керек. Бұл барлық әлемге біздің тәуелсіз сыртқы саясат жүргізудегі күш-жігер мен қабілетімізді көрсетер. Мемлекеттер арасындағы, әсіресе түркітілдес туыс елдердің арасындағы саяси рөлімізді күшейтіп, сый-құрметімізді жоғарыға шығарар еді.
Әзербайжан мемлекетіні сын сағатта қолдамасақ, түрік кеңесі сияқты ұйымдарда салмақты орны бар Қазақ еліне бұл жарасар мінез болар ма екен?
Мемлекет басшылары және қазақ елі бір жүрекпен, бүкіл жақсы ниетімізбен Әзербайжан тәуелсіздігін қолдайық! Себебі, оккупациядағы әзербайжанның Қарабақ жері және жеті ауданның қайтарылуы толыққанды Әзербайжан тәуелсіздігінің, әділеттің, мемлекеттер арасы құқықтың жеңісі!
Біздің солтүстік жерлерімізге көз тігуші көрші елдің шовинистік, импершіл күштерінің тамырын жұлатын жойқын соққы, еркіндіктің, келешек шынайы тәуелсіздігіміздің жарқын белгісі.
Қазақ елі, болашақ ұрпақ, бостандық пен демократия үшін.
Бейбіт Құлмағамбет
(жазба автордың ФБ парақшасынан алынды)
Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *