Гурбангулы Бердымухамедов Түркі Мемлекеттері Ұйымы Ақсақалдар Кеңесінің мүшесі болды

Түрікменстанның бұрынғы Президенті және Халық Маслахаты Милли Генгеш төрағасы Ж.М. Гурбангулы Бердымухамедов Түрікменстан ақсақалы ретінде ТМҰ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі болды.
Түркі Мемлекеттері Ұйымының Хатшылығы Ж.М.Г.Бердымухамедовтың Ұйымының консультативтік-кеңестік органы болып табылатын Ақсақалдар Кеңесінің жұмысына қатысуы Түркі әлеміндегі саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы көпқырлы ынтымақтастықты тереңдетудегі бауырлас Түрікменстанның үлесінің артуына жаңа серпін береді- деп сенеді.
Хатшылық Жоғары Мәртебелінің Ұйымның танымалдылығын арттыруда маңызды рөл атқара алатынын айта отырып, Ақсақалдар Кеңесінің әлеуетін өзінің даналығымен, тәжірибесімен және білімімен одан әрі байытады деген сенімде.
Түркі Мемлекеттері Ұйымынын Хатшылығы
Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *