Белгілі әнші Димаш Құдайберген Қазақстандағы БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самекпен және Қазақстан Республикасы Бала құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Саинмен кездесті, – деп хабарлады dimashnews.com.
“Димаш Құдайберген БҰҰ қызметінің белсенді жақтаушысы. Ол #ООН75 (#UN75) жаһандық диалогына бірігуге дайын. Осы жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығын атап өтуі коронавирус пандемиясына байланысты оқшауланудың оңай емес кезеңіне сәйкес келіп тұр. “ООН75″ кампаниясы әлемді жақсарта түсу, бірегей адамзат отбасының басымдықтарын талқылау, сонымен бірге, бірлескен болашақты құру шешімдерін дискуссия жолымен анықтау мақсатында биыл қаңтар айында басталды”, – делінген хабарламада.
75 жылдық мерейтойды ұйымдастыру жөніндегі арнайы топ керемет әлемді құру тарихында ең ірі және ауқымды саналатын жалпыхалықтық пікірталас өткізуге бастама болып отыр. БҰҰ адамдардың онлайн қарым-қатынаста болуына әрдайым көп көңіл бөліп келеді. Қазіргі таңда да, COVID-19 кезеңінде осы бағытта күш салып еңбек етіп келеді.
дереккөз: https://egemen.kz/article/238780-dimash-qudaybergen-qazaqstandaghy-buu-okilimen-kezdesti