Армения арандатуға көшті: Әзірбайжанның бейбіт аудандары бомбаланып жатыр.
Бүгін таңғы сегізден бастап Әзірбайжанның Қорғаныс министрлігі, Бас прокуратурасы таратып жатқан ақпараттар мәз емес…
Геранбой, Тертер, Агдам, Барди аудандарына қарасты ауылдар артиллерия соққысының астында қалған. Астаң-кестең құрылыс, берекеті кеткен халық… Бас прокуратура Шахмеммедлі ауылының 63 жастағы бір тұрғыны жау оғынан қаза тапқанын хабарлады.
Армян тарапының бұл қимылын Илхам Әлиев “арсыздық” деп бағалады.

Күні кеше ғана CNN Türk телеарнасына сұхбат берген Әзірбасы Арменияның арсыздығын ашық сынады.

Армения – расистер мемлекеті! Ол елде армяннан басқа ешкім тұрмайды. Тұрғызбайды! Олар әзірбайжандарды қуды, кейін басқалардан да құтылды. Армяннан өзге ұлт өкілін көзтүркі қылады, әр түрлі былыққа батырады, оған да кетпей қойса қуып жібереді! Бұл таза расизм!”
Әзірбайжан Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша осы соғыс қимылдары кезінде Әзірбайжан 30 азаматынан айырылған, 143 адам жарақат алған.

Алмас Алтай