Күршат Зорлу: Нұрсұлтан Назарбаев - бүгінгі күннің Білге Қағаны

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркияда 80 млн қазақ бар. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында Түркиядан келген саясаттанушы ғалым Күршат Зорлу айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

“Анадолы Түркиядан атажұртқа жүрекжарды сәлемін ала келдім. Қазіргі уақытта Түркияда 30 мыңдай  қазақ бар. Бірақ, менің ойымша, 30 мың емес, Түркияда 80 млн қазақ бар. Олардың жүрегі сіздермен бірге мәңгі соғады. Мен қазақ елі туралы ең алғашқы зерттеу мақаламды 1999 жылы жаздым. Саясаттанушы ғалым ретінде Қазақстанның Тұңғыш Президентінің еңбектерін 20 жылдан бері зерттеп келемін. Елбасының “Рухани жаңғыру” мақаласы тек қазақ халқы үшін емес, Түркия халықтары үшін де болашаққа жол көрсететін айқын бағдарлама деп айтар едім”,- деді шетелдік мейман.

Осы ретте  ол “Елбасы Назарбаев” атты кітабы 4 тілде жарық көретінін айтты. Аталған кітаптан әлем халқы жаңа бір көшбасшылықтың қыр-сырымен жан-жақты танысатын болады.

“Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы 2 жыл бұрын әлеуметтік желі қолданушылары арасында сауалнама жүргізілді. Қатысқандар бірауыздан Сізді  түркі әлемінің ең көрнекті және танымал тұлғасы деп таныды. Халықаралық саясаттағы биік беделіңіз үшін түрік жұрты сізді түркі әлемінің беделді көшбасшысы деп ерекше құрметтейді. Бүгінгі күннің Білге Қағаны деп біледі”, – деді Күршат Зорлу.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *