Қазақстанға мемлекеттік сапармен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров келеді

2021 жылдың 2-3 наурыз күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруы бойынша елімізге Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен келеді.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабалады.
Шағын және кеңейтілген құрамда өтетін келіссөздер барысында сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, су-энергетикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға басымдық бере отырып, қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастығының қазіргі жағдайы және перспективалары талқыланады деп жоспарлануда.
Мемлекет басшылары Орталық Азиядағы, Еуразиялық экономикалық одақтағы және өзге де көпжақты құрылымдардағы интеграциялық үдерістерді дамыту жөнінде, сондай-ақ, күн тәртібіндегі халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасады деп күтілуде. Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылмақ.
Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *