Әзірбайжан-Армения қақтығысынан соңғы ақпараттар:
1. Армения Әзірбайжанның 2 тікұшағын, 3 танк пен 14 БПЛА-сын жойдық деп мәлімдеді. Баку тек 1 тікұшақтың құлатылғанын айтты, экипажы тірі. Ал қалған шығындар Арменияның қиялы ғана дейді. Алайда әлеуметтік желіде минаға жарылған Әзірбайжан танкісінің ролигі таралуда. Оның рас я өтірігі анықталмады.
2. Таулы Қарабақ басшысы Араик Арутюнян барлық 18 жастан асқан ер азаматтарды отанын қорғауға шақырып, әскерге жылдам алдырту бұйрығын шығарды.
3. Әзірбайжан тарапы 12 дана ЗРК «OSA» қондырғысының көзін жойғанын жариялады. Сонымен қатар Армения жаяу әскері үлкен шығынға ұшырауда деген ақпаратты айтуда.
4. Әзірбайжан тарапы Арменияның атқылауынан бейбіт тұрғындар мен әскерилердің қаза тапқанын мәлімдеді. Таулы Қарабақ болса өз жағынан бір әйел мен баланың көз жұмғанын ресми мойындады.
5. Түркия Әзірбайжанды қолдауға дайын екенін жеткізіп, Арменияны қатаң айыптады.
6. ОДКБ қақтығысты бейбіт шешуге үндеді. Ал Мәскеу келіссөздерге шақыруда.
7. Армения Үкіметі елде әскери жағдай жариялады. “Еліміздің әскерилерін өздерінің борышын өтеп жатқан аудандарға дереу барып, Отан үшін, Жеңіс үшін жұмылуын сұраймын” деді Пашинян.
8. “Шейіт болған сарбаздарымызды Алла жарылқасын. Олардың қаны үшін кек аламыз. Қазір Әзірбайжан әскери күштері жау нысандарына жойқын соққы беруде. Біздің шабуылымыздан ондаған әскери техниканың көзі жойылды. Жеңіске дейін тоқтамаймыз” деді Ильхам Әлиев Әзірбайжан халқына үндеуінде.
Асхат Қасенғали
(Мәтін автордың facebook парақшасынан алынды)