Түркі академиясының басшысы Қырғызстан Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Руслан Казакбаевпен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында Академия басшысы Баткендегі қайғылы оқиғаға байланысты тағы да көңіл айтып, қашанда бауырлас қырғыз елінің жанында екенін жеткізді.
Сондай-ақ, Дархан Қыдырәлі Сыртқы істер министрін бүгінгі Қырғыз Республикасының Конституциясы күнімен және елдің референдум арқылы қабылданған жаңа Ата заңы бойынша президенттік басқару жүйесіне өтуімен құттықтады.

Өз кезегінде Руслан Казакбаев Баткендегі ахуал жөнінде мәлімет беріп, қолдауы мен құттықтауы үшін Академия басшысына алғыс айтты.

Twesco

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *